Желден және қолайсыз ауа райынан қорғайтын кремі

Баланың нәзік терісін жағымсыз табиғи факторлардан – қолайсыз ауа-райынан және желден сенімді қорғауды қамтамасыз ету үшін «Bebble» қорғаныс кремі өте қолайлы. Бұл өнім сіздің балаңыздың амандығы жайында, тіпті ең қолайсыз күнде де алаңдамауға мүмкіндік береді, ол жел мен суықтан сенімді қорғайды. Оның құрамында теріні жұмсартатын және нәрлендіретін эфир майлары мен табиғи компоненттер бар. Ара балауызын қосу арқылы крем сыртқы факторлардың жағымсыз әсеріне жол бермейтін бетке көрінбейтін жұқа қабат түзеді.

Қолайсыз ауа-райына қарсы крем күн сәулесінен қорғау үшін қолданылмайды, мұны ескеріңіз.

Балаларға арналған қорғаныш кремінің табиғи және белсенді ингредиенттері

Кремнің құрамына кіретін табиғи компоненттер.

Ара балауызы - бұл табиғи өнім, теріге тегіс жұқа қабатпен жағылып, жағымсыз сыртқы факторлардан қорғайтын табиғи тосқауыл жасайды.

Е дәрумені - ағзаның қорғанысына пайдалы әсер ететін табиғи антиоксидант. Бұл терінің серпімділігі мен қорғаныш қасиеттерін сақтауға көмектеседі, сонымен бірге күн сәулесінің зиянды әсерін азайтады және қорғайды.

Д-пантенол - басқаша В5 дәрумені деп аталатын тағы бір табиғи компонент. Теріге сіңіп, оны тегіс және жұмсақ етеді. Д-пантенол терінің табиғи ылғалдану деңгейін сақтауға мүмкіндік береді, жасушалардың қалпына келуін және өсуін тамаша ынталандырады.

Аллантоин - майтамырдың өсімдік сығындысынан алынған компонент. Оның емдік қасиеттері тыныштандыратын әсерге негізделген, өнім өлі жасушаларды жоюға көмектеседі, теріні жұмсартады және ылғалды сіңіруге жақсы мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, кремде кокос және күнбағыс майы бар.

Қолайсыз ауа-райынан қорғайтын балалар кремін қолдану

Ыңғайлы шағын құтыдағы өнімді серуендеу кезінде өзіңізбен бірге алып жүруге болады, кремді жағу үшін саусағыңызға бұршақ көлеміндегі мөлшерді алу жеткілікті. Қолдану кезінде көзге және ерінге тигізбеу керек.

Көлемі: 50 мл.